Шымкент әуежайында Air Astana ұшағының қозғалтқышы ұшып бара жатып сөніп қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға ұшақ көтеріле бергенде болған. Әуе кемесі әуежайға қайтарылды.
«9 шілдеде ВС А320-да КС 342 рейсін орындау кезінде Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша биіктікті алу кезінде техникалық себептерге байланысты сол қозғалтқыш сөніп қалды. Экипаж барлық қажетті шараны жасап, жағдайды бақылауға алды және Шымкент әуежайына оралу туралы шешім шығарды. Қону ескертусіз өтті.
Бұл оқиғаға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті бірлесіп тергеу жүргізуді жоспарлап отыр», – деді Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіндегілер.
Жолаушылар FlyArystan мен Air Astana-ның жақын арадағы тікелей рейстеріне орналастырылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!