Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі шешім қабылдайды. Олардың кейбіреулері біздің елден тыс, яғни шет жерлерде де талап етілуі мүмкін. Қандай да сот актісі ресми құжат мәртебесіне ие болу үшін, яғни ол шет мемлекеттерге жолданар алдында міндетті түрде заңдастырылады, апостиль қойылды.Ал, апостиль дегеніміз не?Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны.«Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады.Апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды.Сондай-ақ, сот шешімдерін орындау әрі сот тапсырмаларын басқа елге жолдау кезінде, сол елмен Қазақстан арасында ешқандай келісім болмаса, ол ел Гаага конвенциясының қатысушысы болмаған жағдайда соттың құжаттарына апостиль қойылуы қажет.Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қазақстан 1961 жылғы 5 қазанда Гаага конвенциясына қосылып, құжаттарды апостиль қою арқылы жеңілдетілген түрде заңдастыру мүмкіндігіне ие болды.Айта кететіні, 2013 жылы 15 сәуірде мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңы қабылданды. 2015 жылдың 30 сәуірінде «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» стандарты бекітілді.Яғни, еліміздің барлық өңірлерінде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін сол өңірдің соттар әкімшісіне тікелей барып, немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдарына жүгінуге болады.

А.Өміртай, Қызылорда облысының мамандандарылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшісінің жетекші маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!