«Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады.
Апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды. Апостильденген құжат шет мемлекеттерге жолданатын құжаттар және жолдаушы мемлекеттің имиджінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде біздің мемлекет 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылып, құжаттарды апостиль қою арқылы жеңілдетілген түрде заңдастыру мүмкіндігіне ие.
Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде, не Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бірге береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде берілген.
Қызмет көрсету тәртібі, оның ішінде қызмет көрсету мерзімдері, нысаны және нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімдемесі реттелген.
Құжаттарды апостильдеуге өтінім түскеннен кейін соттың жауапты қызметкері сот органдарынан шыққан ресми құжаттың шынайылығын, қол қоюшының қолынын сәйкестігін, соттын мөртабаның түпнұсқаға сәйкестігін, арнайы үлгілерге қарап, тексереді.
Яғни, еліміздің барлық өңірлерінде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін сол өңірдің сотына тікелей барып немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдарына жүгінуге болады.
Бүгінгі күні өтініш үлгісі енгізіліп, апостиль – қағаз нысанмен қоса электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба болып табылады.
Сонымен қатар тыңдау туралы хабарлама өтініш тіркелгеннен кейін алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Айгерім Сырымбетова
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!