Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады, яғни апостиль қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады. 2001 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 545 қаулысына сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар белгіленді:
ҚР Әділет министрлігі ҚР Білім және ғылым министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi
ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет
ҚР Қаржы министрлiгі
ҚР Бас прокуратурасы
ҚР Қорғаныс министрлігі.
1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде – «апостиль» мөртабанын қою қолданылады. Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады. Егер Сіз құжат дайындап баратын ел Гаага конвенциясына қатысушы мемлекет болып табылмаса, құжатты консулдықта заңдастыру қажет. Бұл құжатты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің органдарында, содан кейін сол елдің Қазақстан Республикасындағы консулдығында куәландыруды қамтитын неғұрлым күрделі рәсім. Бұл ретте, құжат консулдықтың белгісі тұрған елдің аумағында ғана заңды күшке ие болады. Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар.
1961 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес қабырғалары апостиль 9 см кем емес шаршы нысанына ие және Конвенцияға қоса берілген үлгіге сәйкес келуі тиіс.
Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Анар Өмірәлиева
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!