Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Осы орайда, бүгінгі күні спортты жандарына серік ете отырып, ауданның намысын қорғап жүрген №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары Алпамыс Болатұлы мен Әмірмұхаммед Кабулов грек-рим күресінен Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрініп, Азия чемпиондары атанды!

Осы ретте, жас өрендерімізді жастайынан спортқа баулып, ауданымыздың спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген спорт жаттықтырушылары Қожекенов Талғат, Төлебаев Бахтияр, Таңатаров Ардақ және Қазақстан Республикасының құрама командасының аға жаттықтырушысы Алмат Кебісбаевқа шынайы алғысымды білдіремін!

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
аудан әкімі Серік Сермағамбетов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!