Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.
«Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз» – деген кіріспе сөздерден тұратын Ата Заңымыз қазақ жерінде өмір сүріп жатқан түрлі халықтардың бірлігін, ынтымағы мен татулығын сақтай отырып, олардың Конституция мен заңдардың алдындағы теңдігін, құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ата Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет және оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады.
Конституцияға сәйкес, адам құқықтары мен бостандықтары бірдей қорғалады, оларға кепілдік беріледі және ешкім айыра алмайды. Нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталады. Соған сай, республика азаматтары құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
Азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Олардың құқықтары мен бостандықтары, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғалуға. Сонымен қатар, әр адамның құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына және білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі. Ата Заңымызға сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе басқа да жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Ар-ождан бостандығы құқығы белгілі бір міндеттемелерге байланысты шектемеуге тиіс. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс екені көрсетілген.
Осы жылдар аралығында еліміздің Конституциясына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заман талабына сай дамуға бет алған Қазақстан үшін уақыт ағымына қарай икемделіп отыру аса маңызды. Сондықтан да, Ата Заңымызға енгізілген түзетулер өзінің негізділігін әрі уақытылы қабылданғанын дәлелдеп келеді.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының
кеңсе меңгерушісі Г.Каликова
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!