Аудан тұрғындары мәселелерін айтты

Жаңақорған ауданында «Қоғамдық кеңестің рөлі мен дамуы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу модераторы облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Нурхожаев болды. Шараға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудан тұрғындары, ҮЕҰ-дар өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Кездесу барысында аудан тұрғындарының толғандырып жүрген мәселелер талқыланды. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, жастар мәселесі, отбасы тағылымы тақырыбында ой қозғалды. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Б.Нұрхожаев дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер бойынша облыстық қоғамдық кеңес отырысында көтеруге келісті. Қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөніндегі ұсынымдар туралы, қоғамдық кеңестердің сапалық құрамы туралы айтта кетті. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырды.
Гүлбану МАҚАЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!