Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантин мерзіміне бірқатар өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 жаңа қаулысында карантин мерзіміне қатысты тәсілдер қайта қарастырылды.
COVID-19 науқасымен байланыста (жақын байланыста) болған адамдарға үй карантині мерзіміне қатысты өзгерістер енгізілді»,-делінген хабарламада.
Мәселен, COVID-19 науқасымен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаты болмаған кезде, егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.
Байланыста болған адамда ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантинінің 7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!