Қызылорда облысының Жалағаш ауданы тұсындағы Сырдария өзені жағалауынан белгісіз ер азаматтың мәйіті табылған болатын.

Белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженовтың денесі табылды

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және табылған мәйіт белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженовтің денесі екені анықталды. Ол 2020 жылдың 15 ақпанында хабарсыз кеткен болатын.

«Мәйіт ұзақ уақыт суда жатып қалған. Осыған байланысты тиісті сот сараптамасы тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректерін жария етуге жол берілмейді», – деп мәлім етті департаменттен.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бақылауында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!