Ұлыбританияның бес жастағы тұрғыны кітап жазып оны сатылымға шығарып, Гиннесстің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды lenta.ru UPI басылымына сілтеме жасап.


Белла Джей Дарк бес жасында кітап жазып, әлемдік рекорд орнатқан нәзік жандылар арасындағы ең жас қаламгер атанып отыр. Оның туындысы 1000-нан аса данамен сатылымға шыққан. Әлемдік рекордты тіркеу үшін бұл көрсеткіш бастысы талап болып табылады. Белланың туындысы – «Жоғалған мысық» деп аталады. Кішкентай қаламгер кітабына арқау болған оқиға желісін ойдан құрастырып қана қоймай, оған арнап иллюстрациялық суреттер де салған. «Біз қызымызды мақтан тұтамыз. Бұл кітап – жалғыз «қыдыруға болмайтынын түсінген» жоғалған мысық жайында», – дейді Белланың анасы Челси Сайм.

Айта кетейік, қаламгер ұл балалар арасындағы әлемдік рекорд Шри-Ланка өкілі Танувана Серасингхеге тиесілі. Ол алғашқы кітабын небәрі төрт жасында яғни 2017 жылы шығарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!