Биыл 6 шілде – Елорда күні мен Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне арналған мерекелік жиындар өткізу жоспарланбаған. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі nege.kz сайтына берген жауабында хабарлады.

«Биыл 6 шілде мемлекеттік мереке ретінде тойлана ма? Қазақстан халқы үшін 6 шілде демалыс күні болып қала ма? Экс-президенттің туған күніне байланысты мерекелік шаралар өткізіле ме?», – деген сауалдар жолданды.Мәдениет комитеті төрағасының жауабы төмендегідей болды.Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабына сәйкес 6 шілде – Астана күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен 5 шілдеде Астана күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Конгресс-орталығының алаңы, ашық аспан астында жас орындаушылардың қатысуымен (opеn air) концерттік бағдарламаны өткізу жоспарлануда.Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер ҚР еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып саналады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен Елбасының туған күніне арналған жиындар өткізу жоспарланып отырған жоқ».

Яғни биыл экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне қатысты ешқандай іс-шаралар өтпейді.

Дереккөздің мәліметінше, биыл Нұрсұлтан Назарбаев туған күнін не Дубайда, не Лондонда ет-жақындарымен ғана өткізуі мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!