Алматы халықаралық әуежайында төтенше жағдай орын алды. Бортында алматылық «Қайраттың» футболшылары мен жаттықтырушылар штабы болған «FlyJet» әуе компаниясының ұшағы «Renault» автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» футболшылары осы рейспен Бакуден оралған болатын. Онда команда Конференция лигасының аясында Әзербайжанның «Қарабах» командасына қарсы ойнады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі (әуе көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі және пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!