Фото: Фото: iihf.com
Бүгін шайбалы хоккейден элиталық дивизионда 2026 жылғы әлем чемпионаты екінші ойын күні, 16 мамырда алты ойын өткізіледі, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түседі.
Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген. А тобында АҚШ, Швейцария, Финляндия, Аустрия, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия шеберлік байқасса, В тобында Канада, Швеция, Италия, Дания, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения мұзайдынға шығады.
Ойындар тізімі 15:20.
Ұлыбритания – Аустрия 15:20.
Словакия – Норвегия 19:20.
Венгрия – Финляндия 19:20.
Италия – Канада 23:20.
Словения – Чехия 23:20.
Швейцария – Латвия. Айта кетсек, 15 мамырда өткен ойындарда Канада Швецияны 5:3,
Финляндия Германияны 3:1 есебімен жеңсе,
АҚШ Швейцарияға 1:3,
Дания Чехияға 1:4 есебімен жол берді.
Қазірге дейін Канада – 28 Ресей (КСРО) – 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция – 11, Финляндия – 4, АҚШ – 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!