Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №106 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының кейбір бұйрықтарына өзерістер енгізілген. Сол бұйрықтардың кейбіріне тоқтала кетсек:
1. «Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2018 жылғы 9 маусымдағы № 6001-18-7-6/188 бұйрығына төмендегіше өзгерістер енгізілді.18–тармаққа: «18. Арыз беруші өтініш беру кезінде «Өтініш беру» бөлімін таңдауды жүзеге асырады және электрондық нысанды толтырады. Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралады.»; 23–тармаққа:«23. Электронды құжатты СО АЖ-да аумақтық бөлімшелердің жауапты қызметкерлері бір жұмыс күні ішінде тіркейді.»;24-тармақтың 2) және 6) тармақшаларына:2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралуға жататын өтініштерді қоспағанда, құжат қайта жіберілгенде және бұрын СО АЖ-да тіркелгенде;6) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкері көрсеткен өзгеде себептер болған кезде.».2. «Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оның соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде айналыс қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2020 жылғы 29шілдедегі № 18 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша: 5–тармаққа: «5.Электрондық құжатқа қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің рұқсат етілетін форматтары:PDF, PDF/A-1, TIFF, JPEG, JPG – графикалық формат;RTF, DOCX – мәтіндік формат;XLS, XLSX – кестелік формат.13-тармаққа:«13. «Электрондық үкімет» веб-порталынан сотқа электрондық құжаттарды беру веб-порталдың тиісті электрондық қызметімен қамтамасыз етіледі. Авторизациялау рәсімінен өткеннен кейін өтініш беруші «құқықтық көмек» бөлімі арқылы «сот ісін жүргізу» сервисінің электрондық қызметтерінің бірін таңдайды»: 1) талап қоюды сотқа беру; 2) сот хаттамасын беру туралы өтінішті электрондық түрде беру;3) сот отырысының хаттамасына электрондық өтініш-арыз беру.»;19-тармаққа:«19. Өтініш беруші талап қоюдың (арыздың), шағымның, өтінішхаттың, кері қайтарып алудың және АПК-де белгілеген талаптарға сәйкес келетін басқа да құжаттардың электрондық нысанын толтырады.»; 24-тармаққа: «24. Талап қоюды (арызды), шағымды, өтінішті, кері қайтарып алуды және басқа құжаттарды тіркеу мәртебесі және қарау барысы «менің істерім» қосымша бетінде қаралады.»;27-тармаққа: «27. ЭЦҚ қойылған талап қоюды, апелляциялық шағымдарды, өтініштерді электрондық түрде берген кезде оларға қоса берілген барлық құжаттар АПК-нің талаптарына сәйкес болуы тиіс.»;35-тармаққа:«35. СО ААТЖ-да электрондық құжаттарды тіркеуді және бөлуді Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері соттарда іс жүргізуге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;42-тармаққа:«42. Электрондық форматта қаралған іс бойынша сот актісі электрондық құжат форматында да, қағаз форматта да жасалады. Қалған жағдайларда, судья өз қолымен қол қойған жазбаша форматтағы сот актісімен қатар, СО ААТЖ-ға салу үшін электрондық құжат ресімделеді, оған судьяның ЭЦҚ-сы қол қойылады.».Сот органдарында құжаттарды, талап арыздар, өтінішхаттар, арыздар электронды форматта қабылдануда.Талап арыз беру, өтінішхат беру немесе арыздарды сотқа электронды форматта беру барысында электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптардың сақталмайтыны байқалып, талап қоюшыға, арызданушыға заңдылығына сәйкес қайтарылып келеді.
Бүгінгі таңда осы аталған өзгерістерді әрбір сотқа арызданушы білуі қажет.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің басшысы Г.Каликова
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!