Латвияда жалған COVID сертификатын сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Заңда мұндай бұзушылықтар үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, уақытша бас бостандығынан айыру, мәжбүрлі жұмыс немесе айыппұл салынады деп қарастырылған. Италияда дәрігерлер үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның міндетті үшінші дозасын жасау ұсынылады. Үшінші дозаны алушылар санаты 1 желтоқсаннан бастап 40-тан 60 жас аралығындағы адамдарға дейін кеңейтіледі.

Германияда COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны күрт өсті. Мұнда бір күнде 50 196 адам вирус жұқтырған, бұл пандемия кезіндегі ең жоғары көрсеткіш. Алдыңғы антирекорд бір күн бұрын тіркелді, бір күндегі көрсеткіш 39 676 дерек болды. Пандемия басталғаннан бері елде 4,8 миллионнан астам дертке шалдықты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!