Алматы облысы Талғар қаласында медицина қызметкерлерін ұрып-соққан екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облыстық полиция департаменті мәліметінше, қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдильдин.

Еске салайық, кеше Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, марқұмның денесін ұрлап кеткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!