Жобаны іске асыруға 2,4 трлн теңге бөлінеді.
Премьер-министрдің баспасөз қызметі 369 жаңа мектептің 205-і қалаларда, 164-і ауылдарда салынатынын мәлімдеді. 217 ғимараттың құрылысы 2024 жылға, тағы 152 ғимарат 2025 жылға жоспарланған.
2022 жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеп, іске асыруды тапсырған. Сол кезде президент әрбір қазақстандық оқушының оқу және жан-жақты даму үшін лайықты жағдайлары болуы тиіс екенін атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!