Ел көлемінде орын алған саяси науқанда белсенділік таныту әрбір азаматтың парызы екені даусыз. Әсіресе, жастарды біріктіретін қоғамдық ұйымдар мен дербес клубтардың маңызы ерекше. Себебі жастардың жоғырланған ортасы – жаңашылдық пен өзгеріс бастауы. Осы орайда «Қайсар» футбол клубы елдегі маңызды шараға бей жай қарамай, 206 сайлау учаскесіне елмен бірге барып, өз таңдауларын жасады.

– Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. «Қайсар» футбол клубы мұндай мерейлі сәтте әрдайым белсенділік танытады. Сондықтан өз таңдауымызды жасау үшін команда болып келдік. Еліміздің келбетті келешегі үшін жасалып жатқан жарқын қадам ғой. Сол себепті қазақ елінің бағы жансын деп тілек білдіремін, – деді клуб директоры Садық Мұстафа.

«Қайсардың» жас ойыншысы Ислам Әбілқасов бүгін алғаш рет өз таңдауын жасады. 18 жастағы футболшы сайлаудағы ерекше әсерімен бөлісті.

– Кәмелет жасқа толғаннан кейін алғаш рет дауыс беруге мүмкіндік алдым. Бұл мен үшін ерекше есте қалатын сәт. Елдің болашағы үшін дауыс беріп, үлес қосқаныма қуаныштымын, – деді Ислам Әбілқасов.

Сондай-ақ “Қайсар” футбол клубының ойыншысыБекзат Құрманбекұлы да науқан туралы пікірін білдірді. — Бүгін командадағы әріптестеріммен бірге 206 сайлау учаскісіне барып, өз таңдауымды жасадым. Жалпы ел Президентін сайлау саяси науқандардың ең маңыздысы деп ойлаймын. Оған немқұрайлы қарауға болмайды, дауыс беруге бару — Қазақстанның әрбір тұрғынының азаматтық парызы. Президентті таңдау — болашақты таңдау деген сөз. Әр адамның дауысы маңызды. Сондықтан бұл саяси науқанға немқұрайлы қарамай әрбір азамат қатысуы керек деп есептеймін», дейді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!