Төменгі палата спикері халық қалаулысын ортаға алып, жұртты шулатқан пікірін талқыға салған. Тіптен арнайы дисциплинарлық топ та құрылған.

Депутат «Қазақстанда алаяқтық жасағандардың 80 пайызы намаз оқитындар» деген мәлімдемесінен кейін қоқан-лоққы жасайтындар көбейіп кеткенін айтады. 

“Өзімнің тарапыма айтылатын сөз, басқасы болмасын, мен барлығына дайын келген адаммын. 20 жыл сахнада жүргенде де, тіпті сіздерге белгілі, 2019 жылы оқиғалардан кейін де, барлығынан өткенмін. 2011 жылы айтыстан алып қоятын кезде барлығынан өткенмін. Иммунитетім бар. Мені жолымнан қайтарады деген ол жаңсақ пікір”, – деді мәжіліс депутаты Ринат Зайытов. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!