Сурет: Reuters
Израиль Рамазан айында Газа секторына шабуыл жасауды тоқтатуға келісті. Мұны АҚШ президенті Джо Байден Американың «Эн-би-си» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Және де ол ымыраның келесі аптада күшіне енетініне үміт білдірді. Хамас болса, бұл идеяны қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Уақытша бітім қабылданатын болса, тараптар ең алдымен тұтқын алмасуы мүмкін. Сонымен қатар, хамастықтар атысты доғару жайлы пәтуаға Газаға гуманитарлық көмек кіргізу мәселесін қосуды талап етіп отыр.
Аймақта соғыс қазанның 7-де Хамас Израильдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіріп, жүздеген тұрғынды кепілдікке алғаннан кейін басталды. Бүгінге дейін 30 мыңдай бейбіт палестиналық мерт болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!