Көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыру – өмірлік маңызы бар мәселе. Себебі, елімізде қара жолда қаза тапқандар саны көбеймесе, азаяр емес. Болмашы ережебұзушылықтың өзі жантүршігерлік ірі апаттарға әкеліп соғуда.
Спирттік ішімдік ішсе, оның буымен шопырдан санамен бірге жауапкершілік те кетеді. Ондайда шоқалақ жолың да, тақтайдай тегісі де көмектеспейді. Ал енді соққыш көлік пен «желөкпе» тентекті тезге салатын бір соқпақ табылғандай. Заң қатайған, ҚР Қылмыстық Кодекске мас күйінде жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушіні жауапкершілікке тартатын жеке бап енгізілген.
Ал, көліктегі және жол шаруашылығындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының міндеттері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын қорғау және жол-көлік оқиғаларының салдарын жою болып табылады. Көлік және жол шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің Кодексінің 30-тарауының 559-635-баптарында көзделген.
Осы тарау бойынша қалған құқық бұзушылық құрамдарын ішкі істер органдары, әскери полиция, мемлекеттік кірістер, көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ ауылшаруашылық техниканы тіркеу жөніндегі уәкілетті органдар қарайды.
Жол жүрiсiнің негiзгi қағидаттары: жол жүрiсiне қатысушылардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы; жол жүрiсi қауiпсiздiгiнің қамтамасыз етілуі үшін мемлекет жауаптылығының жол жүрiсiне қатысушылардың жауаптылығынан басымдығы; жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде жол жүрiсiне қатысушылар, қоғам мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы; жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас болып табылады.
Көлік құралын немесе басқа да өзі жүретін көлікті басқаратын жүргізуші, егер көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн бұзған жағдайда жауапты болады.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы, сонымен қатар жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңіл зақым келтiру болып табылады.
Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруымен байланысты құқық бұзушылықтар ҚР Қылмыстық Кодекстің 346-шы бабымен құқық бұзушылық санатынан көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылады. Денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл осы іс-әрекет көлікті басқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 3000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұдан былай, ақтан ұрттап алып немесе есірткіге еліткен күйде рөлге отырып, денсаулыққа зиян келтірген лауазым иесі жылы орнын босатып қана қоймай, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.
Жүргізуші әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайтадан масаң күйде темір тұлпарын тізгіндесе, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 8 жылға көлік айдау құқығынан айырылады.
Көпшілік тәртіпке бас игенде ғана қауіпті қоғамнан арылатынымызды ұмытпауымыз керек.
Жаңақорған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Б.Нәлібаева
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!