Алда Конституция күні келе жатыр. Аталған мерекеге орай Ақтөбе облысында мүгедектігі бар адамдар біржолғы төлем алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректеріне сәйкес, 23,6 мыңнан астам азаматқа материалдық қолдау көрсетіледі.
Олардың ішіне мүгедектігі бар 5 мыңға жуық бала да кіреді.»30 тамыз – елімізде ҚР Конституциясы күні. Атаулы күнге орай, Ақтөбе облысының әкімдігімен мүгедектігі бар адамдарға біржолғы төлем беріледі», – делінген ресми хабарламада.
Біржолғы төлемнің мөлшері – 50 мың теңге. Жалпы бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!