Адам өмірінде мамандық таңдаудың ролі зор. Өйткені біз таңдаған, жан-жақты саралаған салаға өмір бойы қызмет атқарамыз.
Мен де 2011 жылдан берi Қызылорда қаласындағы қылмыстық атқару жүйесінде, яғни ЗК – 169/5 түзеу мекемесiнде жұмыс атқарып келемін. Әрине, әр жұмыстың ауыртпашылығы, өз қиындығы бар.
Осы жолда тек еңбекқор болу керек. Не дегенмен, аумалы-төкпелі кезеңдерде бір ұжымды есебінен жаңылдырмай, меселінен түңілдірмей, бiрлесiп шешiмiн табуға үлес қосу маңызды. Күнде бір-бірімізді кезіктірсек те, қадірімізді біле бермейміз. Бірақ, ұжым әркімге де ыстық екенін білеміз.
Менің де кiншi үйiмдей болып кеткен мекемеге, жұмыстағы басшыларға, бiлмегенiмдi үйретiп, жетiстiктерге жеткізген ұжымыма ризашылығым шексiз.
Ерекше біліктілік пен асқан зерделілікті қажет ететін есепші мамандығына екінің бірінің жүрегі дауалай бермейтіне де ешкім дауласпайды емес пе? Бізде де осындай өз ісінің майталманы көп деп айта аламын. Біз солардан тәлім алдық, білмегенімізді түйдік. Ендігі кезекте жас мамандарды да сол жолдан жаңылдырмау – басты мақсатымыз.
А.Әбдірашитова,
Әділет лейтенанты
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!