Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы бойынша 2025 жылғы 14-16 мамыр күндері Қызылорда қаласына Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың (РАНТ) мүшесі, дін саласының білікті маманы Мамедалиев Нұрсұлтан Орынбасарұлы арнайы іссапармен келді.

Іссапар барысында Нұрсұлтан Орынбасарұлы бірқатар маңызды іс-шараларға қатысып, діни сауаттылықты арттыру бағытында мазмұнды уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, ол Ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелерімен, пробация есебінде тұрған азаматтармен, білім беру саласының мамандарымен және әлеуметтік осал топтағы азаматтармен кездесіп, маңызды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, қала мешіттерінде жамағатпен жүздесіп, қоғамдағы ынтымақ пен бейбітшілік, рухани тәрбие мен діни сауаттылықтың маңызы жайында әсерлі әңгімелер өрбітті.

Кездесулер барысында қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға нақты, әрі жан-жақты жауаптар беріліп, дін саласына қатысты көкейдегі көп сауалдарға тұшымды түсініктер ұсынылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!