Әрбір өркениеттің төріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.
Кез-келген мемлекеттің дамуы мен гүлденуі ең алдымен мемлекеттік қызметтің біліктілігі мен кәсібилігіне тікелей қатысты. Мемлекеттік қызметші – халық пен қоғам арасын жалғастырып отырған алтын көпір болса, халыққа, жалпы қоғамға сапалы қызмет көрсету әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы. Халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген дана сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек.
Мемлекеттік қызметші үнемі өзінің жоғары мәртебесіне сай болып, байыпты және кәсіби тұрғыда қалыптасуы тиіс, жылдар өте келе «кәсіби тоқырау» дегенге тартылмай, өз қызметін жақсарту жолдарын ұдайы іздестіруі қажет. Ол өз ісіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, тәртіптілік және мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс. Себебі, халықпен тікелей байланысатын, көпшіліктің көңілін күпті еткен түйінді жайларды шешуге бірден-бір өкілетті тұлғаға қойылатын талаптар өлшемі уақыт ағымына сай жаңа сатыға көтеріле бермек.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді.
Қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті кадырлары – саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткіштін жасайды. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.
Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда – мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады.

Мемлекетші қызметші өзінің жұмыс орындаған жеке басынның жауапкершілігімен, тәртібі мен қызметшімен әрбір қоғам мүшесінің мемлекетке деген көзқарасы, сенімі қалыптасатынын жақсы түсіну тиіс. «Өзің де жан – өзгені де жандыр» – деген ұлы қағида әрбір мемлекеттік қызметшінің қағидасы болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Жаңақорған аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі Бибайым Налибаева

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!