Қоғамның мемлекеттік қызметке сенімінің қалыптасуына алдымен мемлекеттік қызметшінің рөлі ерекше. Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік-құқықтық субъектілері ретінде қоғамдағы түрлі салаларда, атап айтқанда, экономика, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік – саяси аяларын басқару,  мемлекеттілікті нығайту сияқты сұрақтарды шешуде аса маңызды орын алады. Демек, мемлекеттік қызметші қоғамның мүддесі мен құқығы үшін қоғамға әділ қызмет ететін тұлға.
       Қазіргі таңда  барлық салаларда жаңа реформалар туындауы, мемлекеттік қызметшінің де жаңа талаптарға ұмтылуына әсерін тигізді. Мемлекеттік қызметші өз кезегінде білімді, білікті, заман талабына сай жауап беретін, ең бастысы қоғаммен жұмыс істеуде биязы мінезді маман болуға ұмтылуда. «Мансапқорлық көрсетпей,   халыққа жақын, әр істе әділ болып, әр адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, жауап беріп, шығарып салу- біздің парызымыз. Сонда мемлекеттік қызметкерлер халыққа жақын болады» деген Елбасымыздың сөзі әрбір қызметшінің басты қағидасы болуы керек.
       Қоғамға қызмет көрсету барысында да, қызметтен тыс уақытта да  қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамгершілікке нұқсан келтіретін күйде болу жағдайларына жол бермеуі керек.
      Ел президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын іске асыру-бәрімізге ортақ міндет.
     Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметші қоғамдық мүдделер үшін неғұрлым пайдалырақ болса, соғұрлым кемелдене түседі.
 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман- сот мәжілісінің хатшысы А. Муратова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!