Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Бұл халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп отырған қайта құрулардың тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптары мен үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Осының салдарынан имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатысты мінез-құлқын елеулі түрде айқындайды.

Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді жұмыс істеуі мен дамуының қажетті шарты, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру үшін шарт болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру қажеттілігіне қатысты мәселелерге елеулі көңіл бөледі.

Имидж (ағылшын тіліндегі image сөзінен) – бұл адамдардың белгілі бір тобына эмоционалды-психологиялық әсер етуге бағытталған мақсатты түрде қалыптастырылатын бейне (тұлға, ұйым, құбылыс бейнесі). Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру – күрделі және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз өзара байланысты. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген. Осылайша, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің имандылығы мен моральдық – этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшіде жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, патриоттық сезімі, моральдық келбеті болуы қажет.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы А.Муратова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!