Туған жерім кең байтақ,
Жырға қостым мен қайта.
Келген ұлттар әр елден,
Бесігіңде тербелген.
Құшағың кең анадай,
Нәсіліне қарамай.
Әкедей қақтың дем беріп,
Жүрмеуі үшін сенделіп.
Отаным деймін өзіңді,
Қорғаймын, бердім сөзімді.
Тұрар болсаң асқақтап,
Мақтан етер жас ұрпақ!
Ілес МАҒЖАН,
«Жас қаламгер» үйірмесінің мүшесі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!