Кәмелет жасқа толған әрбір ел азаматы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға құқылы.

Кезектен тыс Президент сайлауына өңірімізде алғаш рет қатысып жатқан жастырымыз бар.

Солардың бірі — Нұрай Жұбатқан. Нұрай облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де орналасқан №372 сайлау учаскесіне келіп, ел үшін маңызды саяси науқанда белсенділік танытты. – Өмірімде алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Болашақ жастардың қолында екенін ескерсек, біздің дауысымыз өте маңызды деп есептеймін, – деді жас сайлаушы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!