Қызылорда өңірінде ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы жаңа форматтағы жеке қабылдау барысында көрініс тапты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге аймақтағы барлық ауданға барып, елді мекен тұрғындарын алаңдатқан сауалдарға жауап беріп, өтініштерін қарады. 3 сағатқа созылған кездесулерде әрбір тұрғынның мәселесі шет қалмады.

БАҚ-та және әлеуметтік желіде алдын ала берілген хабарландыруды оқып келген азаматтар өз мәселесін ашық түрде қоюға мүмкіндік алды.

Облыс әкімі 500-ден аса тұрғынның мәселесін сараласа, құқық қорғау органдары басшылары 300-ге жуық халықтың ұсынысына құлақ асты. Заң аясында түсіндірме беріліп, мәселелердің өзектілігіне қарай тиісті сала басшыларына тапсырма берілді.

Қабылдауда айтылған әрбір мәселе ескерусіз қалмайды, хаттамаға түсіріліп, тұрақты бақылауда болады.
@Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!