Мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері Өмірзақ Озғанбаев Сыр еліне арнайы іс-сапармен келіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымымен кездесті.

Жиында университеттің ректоры Бейбіткүл Кәрімова Өмірзақ Озғанбаевтың елді дамыту, сала жұмыстарын жандандыру бағытында айрықша еңбек сіңіргенін атап өтті.

Кездесуге облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Күләй Ермағамбетова, Қызылорда қалалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев, университет ардагерлері, профессор-оқытушылары және жас ғалымдар мен студенттер қатысты.

Айта кету керек, Өмірзақ Озғанбайұлы еңбек жолын білім беру саласынан бастап, «Білім» облыстық ұйымы төрағасының орынбасары, Маңғыстау облыстық педагог кадрларды даярлау, кәсіптік оқыту басқармасының Өңірлік институтының директоры, Қазақ КСР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық оқыту орталығының директоры, Маңғыстау облысы Білім департаментінің басшысы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының президенті, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің проректоры қызметтерін атқарды.

1994-1995 жылдары Қазақстан Білім және Ғылым жөніндегі министрлігінің жаңа технологиялар комитетінің мүшесі, 1996-1999 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аймақтық даму және жергілікті басқару комитетінің төрағасы ретінде жауапкершілігі өте жоғары, ауқымды жұмыстарды жүргізді. «ҚазМұнайГаз барлау және өндіру» АҚ бас директорының кеңесшісі, «Рауан Медиа Груп» АҚ бас директорының кеңесшісі, республикалық «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің төрағасы ретінде де еліміз үшін маңызды мәселелердің шешілуіне атсалысты.

Бүгінде «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңес төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!