«Сыр медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Сыр бойы» газеті ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шығармашылық өкілдері арасында .
БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың мақсаты:
Қаламгерлер шығармашылығының дамуына қолдау көрсету;
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, осы уақыт аралығындағы еліміз жеткен жетістіктерді, тарихи оқиғаларды кеңінен ақпараттандыру.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.
Туындыларға қойылатын талаптар:
Тәуелсіздіктің 30 жылындағы Қызылорда облысының жетістіктерін насихаттау;
Отанға, туған жерге, елге сүйіспеншілікті көрсету;
Тақырыптың маңызын толығымен ашу;
Нақты ақпараттарды пайдаланып, өз пайымын білдіру;
Оқырманға эмоционалды әсер етуін ескеру;
Интернет, әлеуметтік желіден көшірілмеуі тиіс.
Сыйлықтар төмендегідей номинациялар бойынша тағайындалады:
«Үздік мақала»;
«Үздік сараптама»;
«Үздік сайт материалы»;
Поэзия жанрына Әскербек Рахымбекұлы атындағы сыйлық;
Проза жанрына Айжарық Сәдібекұлы атындағы сыйлық.
Әр номинация жеңімпазы бағалы сыйлықпен марапатталады.
ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Шығармалар 2021 жылдың 1 қыркүйек күнінен бастап 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейінгі аралықта қабылданады.
Байқау қорытындысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында жарияланады.
СЫЙЛЫҚҚА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ
Байқауға қаламгерлердің қазақ тіліндегі шығармалары қабылданады.
Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:
– байқауға авторлардың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармасы ғана қабылданады;
А-4 форматында, 14 көлеміндегі Times New Rоman шрифтімен терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:
Ұсынылатын материалдар көлемі 7 беттен аспауы керек.
Байқауға қатысушының өзі туралы мәліметтері – аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, e-mail көрсетілуі керек.
Байқауға қатысуға өтінім бере отырып, автор:
өзінің авторлығын растайды;
Ұйымдастырушыларға шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсатын береді;
Қабылданған шығармалар «Байқауға» айдарымен газет бетінде жарияланады және қайтарылмайды.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
Материалдарды бағалау және жеңімпаздарды анықтауды серіктестік өкілдерінен жасақтаған қазылар алқасы жүзеге асырады;
Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.
Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!