Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен Қазақстан Жастар фракциясының ұйымдастыруымен «Аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында техникалық ерекшелігіне сәйкес Қызылорда қаласында онлайн форматта «Отбасылық мәдени қарым-қатынас» тақырыбындағы ата-аналар мен жас отбасыларына арналған тренинг өткізілді.
Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары, әсіресе отбасында мәдени қарым-қатынас орнату қажеттігін жеткізудің маңыздылығы айқын. Кез-келген қазақи отбасына ата-бабамыздан мирас болып қалған некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады. Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге өмір сүреді. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады. Тренингте осы және басқа да мәселелер жөнініде пікіралмасулар, психологиялық жаттығулар, сергіу ойындары жүргізіліп, қатысушылар тренингті ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Отбасында татулық болса

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!