Орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құрылатын болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды» делінген хабарламада.

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!