Заманауи профайлинг – қылмыс жасауға бел буған тұлғаны, сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап анықтау.
Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен облыстық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» аға маман психологі Қарлығаш Балтабайқызы «Адамдар жаппай жиналатын орындарда профайлинг технологиясын қолдану» тақырыбында психологиялық оқу-жаттығу семинар-тренингін жүргізді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық даярлығын жетілдіру, әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді атқару барысында қылмыскердің сыртқы бейнесін танып, арнайы дағдыларды меңгеру және полиция қызметкерлерінің психологиялық тұрғыдан танып білу.
Қызылорда ст. ЖПб-нің полиция қызметкелерімен семинар-трениг өткізу барысында профайлинг технологиясының танып білу мақсаттары слайд арқылы көрсетіліп, кері байланыс орнатылды.
Профайлинг технологиясын қолдану арқылы полиция қызметкерлеріне өздерінің негізгі лауазымдық міндеттерін атқара жүріп, темір жол вокзалдарында, әуежайда, көшеде, жолда, топтың арасынан қылмыс жасауды жоспарлап жүрген, жағымсыз іс- әрекет жасайтын, т.б. қауіпті адамды жоғары дәлдікпен анықтай алатын негізгі әдістер түсіндірілді.
Полиция қызметкерлерінің заманауи технологияларды меңгере отырып, жоғары дәрежеде кәсіби қырағылық танытып, қоғамдық тәртіпті реттеп, өзіндік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауы қажет екендігі атап өтілді.
Қызылорда ст.ЖПб криминалдық
полиция
бөлімшесінің жедел уәкілі,
полиция капитаны Ауезов Талғат
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!