Қарағандыда автобус 71 жастағы зейнеткерді қағып өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Оқиға вокзал маңындағы алаңда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, №19 автобустың 46 жастағы жүргізушісі реттелмейтін өткелде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан 71 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған фактіні полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!