Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында әлеуметтік желідегі өтініштері мен ұсыныстарынан туындаған қоғамдық бақылаудағы ү.ж. 20 қазан күні сағат 16.00 –де Жаңа базар аумағындағы М.Тілеулиев, М.Қаратаев, Ш.Базарбаев көшелерінде «Жекеменшік үйлердің газбен жабдықтау жүйелері қауіпсіздігі жөнінде» қоғамдық бақылау жүргізілді. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Қаршыға Есімсейтова, “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының үйлестірушісі Әбдіғапбар Перизат және Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Сейтжағыпар Сағитжан Қадырұлы қатысып газбен жабдықтау жүйелері үйлердің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және жалпы ережелер айтып өтті. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазанындағы №1077 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздік қағидалары» талаптарына сәйкес тұрғын ғимараттар мен жеке меншік тұрғын үйлер, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес тұрғын үйлер мен ғимараттарды ұстау тәртібін түсіндірді, қазандықты жобалау, салу және орналастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын «Қазандық қондырғылары» , «Газ тәрізді және сұйық отынмен жұмыс істейтін шағын метражды жылыту қазандарына арналған технологиялық жобалау нормалары. Өртке қарсы талаптар және т.б. газбен қамтамасыз ету саласындағы басқа да құқықтық-нормативті актілер туралы түсіндіріп кетті. Газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, үй жылыту пештерін қолдану ережелері, қазандық бөлмесіне қойылатын талаптар, газ баллондарын қолдану мен сақтау ережелері және қолөнершілердің шығарған (қолдан жасалған) пештерін қолдануға тыйым салынатыны туралы да түсіндіріп кетті .
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!