Әр халық үшін тіл маңызды құндылық. Біздің ата-бабамыздан қалған баға жетпес мұра. Тілден құдіретті, бағалы қасиет жоқ деп ойлаймын. Жарық дүниеге келген сәби бұл әлемді қай тілмен таныса сол тіл ол адам үшін қымбат. Себебі сол тілмен ой өрісі дамып, көкірегі ашылып, көңілі небір жақсы сезімдерді тұшып, жүрек тұңғиығында сараланады. Себебі сол тілмен алғашқы өмірде нәр беретін нұрлы асыл сөздерді атайды.
Сәбидің алғашқы ана-әке, ата-әже деген аяулы сөздері өмірді тану құлшынысының бастамасы. Тіл отбасылық қарым-қатынас қана емес, ол қоғамдық дамудың маңызды сатысы. Ұлттың болашағы – оның ана тілінде. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілімізде еркінсөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы. Ол- ең ұлы , тамаша тіл.
Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Тіл – оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні болатын болса, осы құндылықтардың бәрін заманнан заманға, адамнан адамға жеткізуші — бүгінгі ұрпақ. Бүгінгі таңда отбасындағы ұрпақ тәрбиесі- қоғамның бар саласына қатысты мәселе. Өйткені бүгінгі шағын отбасы – ертеңгі үлкен мемлекет. Мемлекеттің тізгіні сенімді адамның қолында болу үшін ұрпаққа саналы білім қажет. Адам көп тіл білгеннен зиян көрмейді. Керісінше оның талабы да, талғамы да артады. Бірақ ең басты тұғырда өз ана тілі тұруы керек. Адамның ой-өрісі өз тілінде дамып жетілгенде ғана құндылығы артады. Тіл — әр адамның болмысы. Егер тіл жойылса адам болмысыда жойылады. Сенің қазақ екеніңді айғақтайтын таптырмас дәлел, ол – ана тілің.
Бүгінгі күні қазақ тілінің қолданысына мен де қатты толғанамын. Тіліміздің қолданысының кеңеюі артады деген үмітпен әлі келе жатырмыз. Өкінішке орай, өзге ұлт түгілі өз қазағымыздың қазақша сөйлей алмай тұрғанына іштей қынжыламыз. Егер қазақ қазақ болып өз ана тілінде сөйлемесе, өзге ұлт қазақ тілін қайтсін. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы ана тіліміз өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ, ертеңгі болашағы да қазақ ұрпағы. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің мәртебесі, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден – бір міндеті болып табылады. Халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғымТіл – еліміздің іргетасы. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тіл – асыл ойдың бұлағы. Кімде-кім қазіргі уақытта анна тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Қызылорда облысынының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы А.Өміртай
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!