Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру ұсынылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып белгіленген. Бүгін Мәжілісте 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып жатыр. Құжатқа берілген қорытындыда депутаттар ЕТЖ мөлшерін көтеруді ұсынған.

«Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеріп, қайта қарау қажет деп санайды», – деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – заңмен белгіленген ең аз еңбекақы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!