Фото: ortcom.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қашпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Әсел Жанасованы өзінің кеңесшісі етіп тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», – делінен Ақорда хабарламасында. 

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған.

Білімі:

2010 ж. –  ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін.

2014 ж. – Кембридж университетінің магистратурасын, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді «Executive Management» бағдарламасы бойынша бітірген.   

Еңбек жолы:

2010-2014 жж. – Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры.   

2014-2016 жж. – ҚР Ұлттық банкінің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, ҚР Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды.  

2016-2017 жж. – «Зерде» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрайымы. 

2017-2018 жж. – «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысының кеңесшісі.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2020 жылдың 20 шілдесінен бастап – Қазақстан Республикасы сауда және интеграция вице-министрі   

2022 жылғы 3 қазаннан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!