Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
KAZINFORM – Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 22 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. Турнир кестесінде «Барыс» 46 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Северсталь» 76 ұпаймен 6-орында келеді.Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі екі жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.
«Барыс» клубы бұдан кейін алты ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 28 ақпанда Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасымен шеберлік байқасса, одан кейін 2 наурызда СКА (Санкт-Петербург), 7 наурызда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай), 10 наурызда Реесйде «Амур» (Хабаровск), 12 және 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубтарымен кездеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!