Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында «Қоғамдық кеңестер: жұмыс тәжірибесі мен өзара байланыс механизмдері» тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
Қоғамдық тыңдау модераторы Айткүл Жетібайқызы Шалғынбаева, тәуелсіз сарапшы журналист. Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның құрметті журналисі. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда филиалының жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі, Нұрмаханов Нұрлан Көбегенұлы Облыстық қоғамдық кеңестің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, республикалық «Әлімсақ» журналының бас редакторы болды.
Шараға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудан тұрғындары, ҮЕҰ-дар өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Қоғамдық тыңдау барысында аудан тұрғындарының толғандырып жүрген мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, жастар мәселесі, отбасы тағылымы тақырыбында ой қозғалды. Қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөніндегі ұсынымдар туралы, қоғамдық кеңестердің сапалық құрамы туралы айтылды. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Қоғамның айтары бар

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!