Тамырын тереңге жайған мәуелі бәйтерек. Атаның артынан қалған жалғыз тұяқ. Иә, менің атам әкесінің жалғыз мұрагері болған. Жасы біршамаға келген үлкен атам, өз атамның жасы бір жасқа таяп қалғанда өмірден озған. Аллаға шүкір, қазір ата өсіп өнді, өмірлік жарын кездестерді. Атам мен әжемнің отауласақандарының өзіне 40 жылдан астам уақыт өтті. Қырық жыл ішінде 5 қызғалдақтай қыздар мен 3 торсықтай батырларды дүниеге әкелді. Бүгінгі күні асыл әжеммен асқар таудай атамының 25 немересі бар. Алла ол кісілерге шөбере, немене көруді жазсын деп тілеймін.


Иә, 25 немере. Көз алдыңызға мерекеге жиналған біздің отбасымызды елестете берсеңіз болады. Балалы үй базар демекші. Ата-әжеміз немерелерінің атымен шатасып жататын кездерде болады. Әйтседе, немере балданда тәтті демекші ата-әже барлық немерелеріне бірдей көңіл бөліп жақсы көреді.


Атам өз өмірін жары мен балаларына арнаған кісі. Отбасым деп аянбай тер төккен нағыз үлгі тұтарлық жан. Өмірдің ащысына да, тұщысына да шыдай білген қайсар жан. Көп жылдар бойы темір жол бойында еңбек еткен. Қарапайым жұмысшыдан бастап, көп жылғы жұмыс нәтижесінде үлкен лауазым иесі атанған. Атамның бұл жетістіктерге жетуінің негізгі сыры ол әжем. Әрбір жетістікке жете білген еркектің артында жаны нәзік болғанымен, рухы мықты әйел тұрары анық. Ерін бір саты жоғары қойып, даналығының арқасында бір отбасының ұйытқысы бола білген жан.
Сәби күнімнен бастап ата-әжемнің тәрбиесінде өскен қызбын. Әжемнің өсиеттерін, атамның жас кезіндегі шытырман әрі қызықты оқиғаларына құлақ түріп тыңдаушы едім. Жазды күні бау-бақша, шие мен өрік теріп. Ал, қақаған қыс кезінде далада қар атысып ойнаған ата-әжемнің ауласы, нағыз балдәурен балалық шағымыздың куәгері дер едім. Мен әлі күнге ата-әжеме еркелей аламын. Әсіресе әжемнің піскен сүті мен пештен жаңа шыққан нанына сары май жағып жегенді жақсы көремін…


Өмір – өзен. Уақыт зырғып өтуде. Кеше шуалдап жүрген біздер, бүгін мектеп бітіріп үлкен өмірге қадам басқалы отырмыз. Алайда, ата-әжемнің жанына келгенде мен барлығын ұмытып, бейқам балалық шағымды сағынамын. Олардың жанында әлі де сол бұрынғы кішкентай Ботагөз сезінімен өзімді. Аман болыңыздар, менің қос бәйтерегім.

Ботагөз ИНАБАТОВА,
№187 IT мектеп-лицейінің
бітіруші түлегі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!