Олар Тобыл қаласына бармақ болған.
Кеше Қостанай облысында жоғалып кеткен әжесі мен немересі аязда үсіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қостанай облысында әжесі мен немересі боранда жоғалып кетті
Бұл жайында Қостанай облысының полиция департаменті мәлімет таратты.
Степной ауылының шетінен жоғалған екі кісінің денесі табылды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Бүкіл қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, – деп хабарлады полициядан.
Еске сала кетейік, кеше, 26 желтоқсан таңғы сағат 7.00 шамасында Степной елдімекенінде 58 жастағы әйел мен 11 жасар қыз жолай өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып мінеміз деп үйден шығып кеткен еді. Олар Тобыл қаласына бармақ болған.
Қарт әйел мен баланы іздеуге жергілікті құтқарушылар жұмылдырылды. Жоғалғандар жайында әлеуметтік желіде хабарланды.
Іздеу жұмысын қолайсыз ауа райы да қиындатты — кеше күні бойы Қостанай облысында қарлы боран басылмаған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!