Маңғыстау облысында құрбан айт мерекесінің алғашқы күні, яғни 9 шілдеде қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Ақтау қаласында №2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 бағыттарында жүретін автобустарда жолақы алмайды. «Сонымен қатар, облыс орталығы мен Мұнайлы ауданы арасында қатынайтын №103, 104, 105, 106, 107 автобустары және «Ақтау-Қызылтөбе-2-Ақтау», «Ақтау-Батыр-Ақтау» бағыттарындағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Түпқараған ауданымен арадағы «Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау», «Ақтау-Сайын Шапағатов-Ақтау» бағытындағы қоғамдық көліктер де осы жеңілдік ұсыну аясына кіреді», – деп мәлім етті басқармадан. Айта кетсек, Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктер Ораза айт күні де жолаушыларды тегін тасымалдаған еді.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!