Фото: sputnik.kz

Sputnik. Қырғыз Республикасы Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүрді.

«15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті. Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберіледі», – деді ведомство.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!