19 тамыз, түнгі уақытта Қызылорда қаласынан 150 шақырым жерде, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-нің «Ақшабұлақ» кен орнында №74 ұңғыманы игеру кезінде жалын тұтанған. Өрт орнында бұрғылаушының көмекшісі Жетіскенов Г.Ж.-ның мәйіті табылды. (2002 жылы туған).
4 жұмысшы күйік жарақатымен облыстық ауруханаға жатқызылды: 1984 жылы туған Сәрсенов Б., 1980 жылы туған Тайлақов А., 1992 жылы туған Қалдыбаев Е., 1963 жылы туған Исабеков, Н. Сағат 03-40-та өрт «Семсер» ӨСБ күштерімен (6 адам мен 2 техника) ауыздықталды.
Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД өрт сөндіру бөлімі шақырылмаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!