Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне Данияр Жаналинов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Данияр Еренғалиұлы 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Алматы облысы бойынша Салық департаментінде инспектор болып бастаған.
2002-2010 жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаментінде салық инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, бөлім басшысы және департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2010-2014 жылдары Қаржы министрлігі Салық комитеті басқармасының басшысы болды.
2014-2018 жылдар аралығында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, 2018-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымын иеленді.
2021-2022 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі болып еңбек етті.
2022 жылдың тамыз айынан осы кезге дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!