Қызылорда облысында тұрғын үй толығымен өртеніп кетті. Оқиға Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылында 14 наурызда сағат 5.07 шамасында болды. Көлемі 143 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй және тұрмыстық заттар толығыман жанып кеткен.
«Оқиға орнына көлемі 27 литрді құрайтын екі газ баллоны сыртқа шығарылды. Өрт сағат 6.30-да оқшауланып, 6.49-да толы,ымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Мәлім болғанындай, өрттен үй тұрғындары дер уақытында сыртқа шығып үлгерген. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 2500 орам қамыс өртеніп кетті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!