Қызылордада көлікті мас күйінде басқарып, жол ережесін бұзған жүргізуші полицейлерден қашып кетуге әрекеттенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласының орталық көшесінің бірінде түнгі уақытта патрульдік полиция экипажы жол ережесін бұзған УАЗ автокөлігін байқаған. Жүргізуші полицияның көлікті тоқтату туралы талабын ескерген жоқ. Полицейлер автокөлікті қала шетіндегі жолсыз жерде ұстады.

«Тексеру барысында автокөлікті көлік құралын басқару құқығынан айырылған 46 жастағы қызылордалық тұрғын басқарғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің екі бабы бойынша, яғни 613-баптың 3-1-бөлігімен және 612-баптың 1-бөлігімен хаттамалар толтырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын отбасы шырқын бұзған 852 қызылордалық есепке алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!